
Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан осы жылдың қазан айына дейін Қытайға 5 млрд текше метр газ жөнелтеді, деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
«Газды экспорттау «ҚазМұнайГаз» компаниясына пайда әкеліп қана қоймай, ішкі нарықтағы газды жеткізуге байланысты шығындарды жабады. Осылайша газ тасымалдау ісінің барлық шығынының орнын 2030 жылы емес, 2023 жылы-ақ толтырмақпыз», – дейді екен Сауат Мыңбаев «Қазақстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
Баршаға мәлім, Қытайға газды экспорттау ісі 2017 жылы басталып кеткен болатын. Шамамен, одан 1 млрд доллар пайда түседі деп күтілуде. Биыл 5 млрд текше метр газ экспортталса, бұл сан келер жылы 10 млрд текше метрге жетеді екен.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025