Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Қытай нарығына алғаш рет балмұздақ шығара бастады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.
"2018 жылы біз алғаш рет БАӘ нарығына өнеркәсіптік көлемде бал экспорттай бастадық. Бұдан басқа, біз Қытай нарығына алғаш рет отандық ет пен қазақстандық балмұздақ шығара бастадық. Жыл сайын Қазақстанның экспорттық себеті орта есеппен 5-6 тауар позициясына толығады", – деді министр.
Сондай-ақ, ол өңдеуші өнеркәсіптің негізгі экспорттық тауарлары ферроқорытпалар, өңделмеген мырыш, тазартылған мыс, уран, мұнай газдары, трансформаторлар мен аккумуляторлар екенін айтты.
Сонымен қатар, экспортты дамыту және ілгерілету мақсатында бүгінде отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың түрлі қаржылық және қаржылық емес шаралары көрсетіледі. Жыл сайын 40 – тан астам экспорттаушы қаржылық және 400-ден астам экспорттаушы сервистік қолдау алады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттаушыларға 107,37 млрд теңге қаржылық қолдау көрсетілді.
"Экспортты жылжыту мақсатында бөлінген қаражат сақтандыру мен кепілдік беру көлемін ұлғайтуға, көлік шығындарын өтеуге және экспорттаушыларға кең сервистік қолдау көрсетуге (көрмелер, маркетинг, өткізу нарықтарын кешенді талдау және сертификаттауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу) мүмкіндік береді. Ірі өткізу нарықтарынан алшақтықты ескере отырып, тауардың өзіндік құнындағы тасымалдау үлесі 30%-ға дейін құрайды, бұл экспорттық нарықтардағы бағалық бәсекеге қабілеттілікке елеулі әсер етеді. Сондықтан биыл экспорттаушыларға дайын тауарларды экспорттау кезінде көлік шығындарын өтеу бірінші рет қарастырылған", – деп түсіндірді Роман Скляр.
Мәселен, өнімді темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдау үшін шығындарды өтеу көзделеді.
Жалпы, экспорттаушыларды қолдаудың қабылданып жатқан жүйелі шаралары 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5 есеге ұлғайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024