Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Ресейден теміржол көлігімен бензин жеткізуге үш айға тыйым салуы мүмкін.
Энергетика министрлігінде хабарлауынша, қазір құжат басқа мемлекеттік органдармен келісу сатысында. Ведомство түсіндіріп өткендей, Қазақстанда бензин өндірісі жеткілікті деңгейде, сондықтан ел импортты қажет етпейді.
Энергетика министрлігінің сайтында хабарланғандай, бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 20 тамызында Ресейден Қазақстанға теміржол көлігімен бензинді әкелуге конвенциялық тыйым салынды. Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, АЭС құру кезінде ЕАЭО аясындағы саудадан мұнай өнімдерін алып тастау туралы шешім қабылданды. Жанар-жағар май бойынша екі жақты шарттар аясында сауданы жүзеге асыру ұйғарылды.
Ол осы келісімшарттар бойынша Қазақстан тұрақты түрде жанар-жағармай материалдарын әкелуге тыйым салуға құқылы екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024