Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-Ресей шекарасында «жасыл дәліздер» ашылады

Қазақстан-Ресей шекарасында «жасыл дәліздер» ашылады

Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан-Ресей шекарасында «жасыл дәліздер» ашылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазіргі уаұытта екі елдің шекарасында кептеліс бар. Ұзын сонар кезекте қазақстандықтар ғана емес, азық-түлік көліктері де тұрып қалды. Күні кеше Ресейдің вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекараның арғы жағында өз азаматтарымыз тұр, өте алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де бар. Екеуіміз келіскен сияқтымыз. Ол тиісті ережені шығарды», – деді министр.

Оның айтуынша, бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келіссөз жүргізеді.

Біз «жасыл дәліздерді» ұйымдастыруға тырысамыз. Онымен ең алдымен өз азаматтырымз және азық-түлік таситын көліктер өтеді», – деді Жұманғарин.

Ол ресейліктердің келуіне байланысты шекралас аймақтарда азық-түлікті тұтынуы жағынан диспропорция болуы мүмкін екенін атап өтті.

Похожие материалы