Қазақстан Ресейде тығырықта қалған жүктерді Латвия теңіз порттары арқылы қайта жөнелтетін болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жүктер Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепай порттарына жөнелтіледі. Ол үшін Латвия теңіз порттарынан келісім алынды.
Еске сала кетейік, Антверпен, Гамбург, Пиреней, Роттердам және Мугга транзиттік порттарының қазақстандық жүкті қабылдаудан бас тартуына байланысты қазақстандық жүктер Санкт-Петербург, Новороссийск, Усть-Луга, Тамани порттарында қалып қойған болатын.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей арқылы Еуропа елдеріне транзитінің балама бағыттары туралы хабарлаған еді.
Айта кетейік, Қазақстандық экспорттаушыларға Латвиядан бөлек, балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша маршрут ұсынылды.
Бүгінгі күні ТХКБ шеңберінде Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық-Баку паромдық қатынасы жолға қойылған. Ал Мәскеуде ҚТЖ Ресей темір жолдарымен қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы бойынша келіссөздер жүргізуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024