Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Ресейден арақ әкелуді күрт азайтты

Қазақстан Ресейден арақ әкелуді күрт азайтты

Қазақстан наурыз айында Ресейден келетін арақ импортын күрт қысқартты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бірінші кредиттік бюро есебінше 2022 жылдың наурызында республикаға жалпы сомасы $945,6 мың болатын 703,7 тонна әкелінді. Ақпан айында импорт $2,7 млн-ды құраған. Ал қаңтарда – $2,4 млн-ға арақ импортталған.  

Ресейден арақ жеткізу көлемінің ішінара қысқаруы Франциядан (ақпан айында 48,6 мың доллардан наурыз айында 298,5 мың долларға дейін), Швециядан (235,8 мың доллардан 391,5 мың долларға дейін) келетін импорттың өсуімен байланысты. Ерекше жағдай: Украинадан келетін арақ көлемі 177,8 мың доллардан 478,5 мың долларға дейін артқан.

Бірақ арақтың ішкі өндірісі де өсті. Наурызда республикада 5 мың литр өндірілді, ал сәуірде 5,4 мың литр дайндалған.

Тағы бір қызық мәлімет: Қазақстан наурыз айында Ресейге 390,1 мың долларға 418,5 тонна арақ жөнелткен. Одан бөлек, 53,8 тонна (86,1 мың долларға) Өзбекстанға, Моңғолияға және Германияға экспорттады.

Похожие материалы