Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден тасымалданатын бензинге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.
Көрші елден келетін жанармайға тыйым салу үш айға жалғасады. Яғни 26 тамыздан 26 қарашаға дейін Ресей тарапынан пойыз арқылы жанармай тасуға тыйым салынады.
16 тамызда БАҚ-та жарияланған бұйрық ресми жария етілгеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 26 тамызда күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі Ресейден әкелінетін бензинге не себепті тыйым салынып отырғанын түсіндірген болатын.
Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бензин игерілмей қалып отырған.
Энергетика министрлігі Ресейді импортқа тыйым салынатыны туралы хабардар еткен.
Дегенмен министрлік пойызбен тасымалданатын бензинге тыйым салынғанымен, автомобильмен әкелінетін жанармайға тыйым салынбайтынын ескертті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024