Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан тағы да үш айға теміржол арқылы Ресейден бензин жеткізуге тыйым салды.
Энергетика министрлігі құжат 2019 жылғы 20 ақпанда басқа мемлекеттік органдармен келісілгенін хабарлады.
«Қазақстанға Ресейден теміржол көлігімен бензин әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің сайтында хабарланғандай, бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Бұдан бұрын Қазақстан Ресейден жанармай жеткізуге тыйым салу жоспарлап отыр деп хабарланған болатын. Ол кезде ведомство түсіндіріп өткендей, елде бензин өндірісі жеткілікті деңгейде, сондықтан Қазақстан импортты қажет етпейді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024