
Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 4-5 қазанда Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) ресми сауда-экономикалық миссия өтеді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.
Іс-шараның мақсаты - қазақстандық және моңғол кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екі ел арасында іскерлік байланыс орнату.
Миссияның бағдарламасында: сауда-экономикалық форумға қатысу, Ұлан-Батырдың мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен іскерлік кездесу, Моңғолияның кәсіпкерлері мен ұйымдарының өкілдерімен іскерлік байланыс жоспарланып отыр.
Іс-шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Инвестициялар және даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігімен және Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025