Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан экспортқа 592,3 млн долларға 2 млн тонна бидай мен қара бидай жіберген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бидайдың тауар күйіндегі өсімі 64%-ды, ал ақшалай мәнде 2,1 есе болған. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz сайты жариялады.
Сатылған бидайдың басым бөлігі ТМД елдеріне тиесілі. Мұнда Өзбекстан (874,1 мың тонна), Тәжікстан (175,8 мың тонна) және Түрікменстан (149,5 мың тонна) көш бастап тұр.
ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне 744,7 мың тонна бидай жөнелтілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2 есе көп. Олардың ішінде Қазақстаннан импорт көлемі бойынша Иран елі алда тұр: 358,4 мың тонна, жылдық өсім — 3,9 есе. ТОП-3 елдің қатарына Ауғанстан (227,4 мың тонна) және Италия (110,1 мың тонна) кірді.
Осы жылдың сәуір айында бидайдың орташа құны тоннасына 123,7 мың теңгені құрады. Оның ішінде бір тонна қатты бидайдың құны 188,4 мың теңге, өзге түрлері — 121,7 мың теңге.
Өңірлер бойынша ең қымбат бидай Қостанай облысында: тоннасына 132,1 мың теңге. Одан кейін Ақмола (130,7 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (118,6 мың теңге) облыстары тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024