Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шетелге 22,6 млн тонна шикі мұнай сатты

Қазақстан шетелге 22,6 млн тонна шикі мұнай сатты

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 10,5 млрд долларға 22,6 млн тонна шикі мұнай экспорттады, - деп  хабарлайды LS.

Заттай көріністе жеткізу 2,2%-ға өсті, ал ақшалай көріністе 6%-ға қысқарды.

Аталған кезеңде Италия 2,9 млрд долларға 6,2 млн тонна Қазақстан мұнайын, Франция – 2,5 млн тонна (1,2 млрд доллар), Корея – 2,1 млн тонна (999,7 млн доллар), Испания – 1,6 млн тонна (775 млн доллар) сатып алды.

Швейцария 711,8 млн долларға 1,6 млн тонна, Нидерланды – 667,4 млн долларға 1,4 млн тонна, Румыния – 507 млн долларға 1,1 млн тонна, Түркия – 437,4 млн долларға 976 мың тонна, Грекия – 393,2 млн долларға 876,6 мың тонна, Қытай – 383,6 млн долларға 809,3 мың тонна сатып алды.

Сонымен қатар, Қазақстан Үндістанға 491,5 мың тонна (231,3 млн доллар), Малайзияға – 391 мың тонна (209,6 млн доллар), Израильге – 375,1 мың тонна (170,5 млн доллар), Португалияға – 352,9 мың тонна (164,6 млн доллар) мұнай жеткізді.

Похожие материалы