Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,6 млрд долларды құрады және 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 19,9%-ке артты.
Бұл ретте экспорт көлемі – 5,3 млрд долларды (28,7%-ке артық), ал импорт – 2,2 млрд долларды (3,1%-ке артық) құрады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1,3 млрд долларды (өсім 0,9%) құрады, оның ішінде экспорт – 409 млн доллар (12,1%-ке кем), импорт – 941,3 млн доллар (7,9%-ке артық).
Қазақстандық тауарларды қаңтар айында Ресейге сату 367,9 млн долларды (10,3%-ке төмендеді), ал ресейлік тауарларды сатып алу – 881 млн долларды (8,1%-ке өсті) құрады.
Беларуське экспорт бір айда 3,2 млн долларды, импорт – 37 млн долларды құрады, Арменияға тауарлар мен шикізат жеткізу 519,6 мың долларға дейін, ал осы елден импорт 194,4 мың долларға дейін қысқарды.
Ал, Қырғызстан қазақстандық тауарларды сатып алуды 37,4 млн долларға дейін қысқартты, ал сатуды керісінше 23,1 млн долларға дейін арттырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024