
Нұр-Сұлтан. 4 тамыз. 7kun.kz – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Тайванға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды», – деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды.
«Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын», – деді ол.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025