Қазақстан Techstars Startup Week халықаралық стартап-апталығына қосылады
Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Астана мен Алматы қалаларында 8-14 қазан күндері Techstars халықаралық акселератор аясында алғашқы ғаламдық стартап-апталығы өтеді, деп хабарлайды ТДҰА баспасөз қызметі.
Жобаны ұйымдастырушылар: Бизнес-инкубатор MOST, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік, IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі Astana Hub, Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, Бизнес-инкубатор BeinTech, НКО Zhaina Woman.
Techstars Startup Week бүкіл әлемнің түрлі қалаларында өтеді және жас кәсіпкерлерді, жергілікті көшбасшыларды және талантты адамдарды жергілікті бизнес-қоғамдастықты дамытуға және қатысушылардың өзара әрекеттестігі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға біріктіреді.
Іс-шара Қазақстанның стартап экожүйесінің барлық қатысушыларын кездесулер, дәрістер, пікірталастар өткізу арқылы біріктіреді. Startup Week Qazaqstan FinTech, Smart City, экожүйелер, Entrepreneurship, ақпараттық технологиялар (IT), әйелдер кәсіпкерлігі, корпоративтік инновациялар бағыттарынан тұрады.
Бір аптаның ішінде еліміздің екі мегаполисінің түрлі 10 алаңында 30-дан астам іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Әр бағыт бойынша оқытулар, нетворкинг, байқаулар және басқа да шаралар түрінде жеке іс-шаралар өткізіледі.
Startup Week Qazaqstan елдің кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға, халықаралық стартап-қоғамдастықтармен ынтымақтасуға және Орталық Азия өңіріндегі кәсіпкерлік ортаны дамытуда көшбасшы ретінде Қазақстанды алға жылжытуға және озық тәжірибелерді зерделеуге бағытталған.
Өткен жылы 80-нен астам ел Techstars Startup Week өткізді. Бір апта ішінде жетекші жергілікті және халықаралық сарапшылар тәжірибе алмасып, білім беру іс-шараларын жүргізеді. 2017 жылы бүкіл әлем бойынша 100 мыңнан астам кәсіпкер Startup Week қатысушылары болды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024