Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақстан темір жолы" компаниясының 6 млрд доллар қарызы бар

"Қазақстан темір жолы" компаниясының 6 млрд доллар қарызы бар

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ-ның несие берушілер алдындағы қарызы 6 млрд долларды құрайды. Бұл туралы компаниядағы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Байдаулетов хабарлады. 

"Бүгінде кредиттік міндеттемелер 1 трлн теңгеден асады, бұл шамамен 6 млрд доллар. Қарыздың 50 пайыздан астамы - шетелдік валютада. Компания өтімділігінің коэфициенті 1-ге жақын және ортамерзімді перспективада одан да төмен түсуі мүмкін. Экономикалық қосымша құн көрсеткіші теріс көрсеткішке ие, алдағы 5 жылда да оның оң бағытта өзгеруі мүмкін деп ойламаймыз", - деді Н.Байдаулетов ҚТЖ-ның стратегиялық жоспарын талқылау кезінде. Мұндай уақытта компанияның инвестициялық саясаты мемлекеттік масштабтағы және әлеуметтік маңызға ие Қорғас-Жетіген, Бейнеу-Жезқазған, Өзен-Түрікменстан шекарасы, Арқалық-Шұбаркөл тәрізді темір жолдарға ауысады. "Телерадиокешен, мұз сарайы, жаңа темір жол вокзалы - бұл жобалардың барлығы ірі капиталды талап етеді, бірақ компанияға қосымша түсім түсірмейді",-деді ол. "Нәтижесінде, ол жобаларға үлкен қаржы жұмсалады. Бізде тиімділікті арттыруға қаржы аз бөлінеді. Тиімді жобалардың барлығы қалдық ұстанымы бойынша қаржыландырылады",-деп атап өтті директорлар кеңесінің төрағасы. ҚТЖ - ҚР аумағындағы ұлттық темір жол тасымалдаушы. Компанияның жалғыз акционері - "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры.

Похожие материалы