Астана. 10 қараша. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов өнеркәсіптік өндіріс иелеріне, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қойылатын жаңа талаптар туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Үкімет басшысы қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін жаңа стандарттар әзірленіп жатқанын атап өтті.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Қарағанды облысындағы шахталардағы апатқа тоқталайын. Жақында көмір өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын қайта қарау барысында осы компанияға алғаш рет қосымша талаптарды енгіздік: жыл сайын көмір өндірісін жаңғыртуға кемінде 150 млрд теңге бөлу, көмір қабаттарын газсыздандыруға 37 млрд теңге инвестиция бөлу. Бұрын жер қойнауын пайдаланушыларда мұндай міндеттер болмаған. Басқа жер қойнауын пайдаланушыларға да осындай қосымша талаптар мен міндеттемелерді күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді премьер-министр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024