Қазақстан. 3 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады», – делінген хабарламада.
Қазақстан тарапы көрші мемлекеттің Конституцияға түзетулер жөніндегі референдумын маңызды саяси оқиға ретінде қабылдайтыны айтылды.
«Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз», – делінген хабарламада.
Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024