Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан жаһандық инновациялық индекс рейтінгісінде 79-орында тұр

Қазақстан жаһандық инновациялық индекс рейтінгісінде 79-орында тұр

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы Жаһандық инновациялық индекс жарияланды, оның нәтижелері бойынша Қазақстан 31,03 ұпай жинап жалпы рейтингте 79-орынға ие болды.

100 елдің ішінде рейтинг көшбасшылары 61,3-тен 67,24-ке дейінгі көрсеткіштермен Швейцария, Швеция, АҚШ, Нидерланды және Ұлыбритания болды.

Сондай-ақ, Қазақстан ресурстар мен инновациялар жүргізу үшін индексінде 64-ші орынды, ал инновациялар жүргізуде қол жеткізілген нәтижелер арасында 92-ші орынды иеленді.

2019 жылы индекстің антилидерлері 14,5-тен 19,5-ке дейінгі көрсеткіштермен Йемен, Бурунди Республикасы, Нигер, Того және Гвинея болды.

2018 жылы Қазақстан 2017 жылмен салыстырғанда бес позицияға көтеріліп, рейтингте 74 орынды иеленді.

Похожие материалы