Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан жемқорлық салдарынан 3,6 млрд теңгеден қағылып отыр

Қазақстан жемқорлық салдарынан 3,6 млрд теңгеден қағылып отыр

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың 11 айында 3,6 млрд теңге сомасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, 2,5 млрд теңге тәркіленді немесе ерікті түрде өтелді.

Осы кезеңде өндірісте 2,9 мың қылмыстық іс қозғалды, 1,8 мың іс тергеумен аяқталды, 1,7 мың іс сотқа жіберілді.

Материалдық залалдың ең көп сомасы ауыр құқық бұзушылықтарға – 3,1 млрд теңге (тергеумен аяқталған 1 мың іс). Ауырлығы орташа 489 іс 309 млн теңгеге, онша ауыр емес 244 іс 211,1 млн теңгеге түсті.

Қылмыс жағдайында ең үлкен залал қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін  - 2 млрд теңгеге 290 іс анықталды. Жалпы алғанда 167,7 млн теңге пара алынды. Экономикалық сыбайлас жемқорлыққа байланысты шығын 471,4 млн теңгеден асты. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) 14,1 млн теңгені құрады. Алаяқтар 609,7 млн теңге пайда тапты, ал сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін 244,4 млн теңге шығын болды.

Похожие материалы