Атырау. 4 шілде. 7kun.kz - Қазақстан алғаш рет отандық жанармай мен дизельдің бір бөлігін экспортқа шығарады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Парламент Мәжілісі комиссиясының көшпелі отырысында айтты.
"Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауыты жаңғырту жұмыстарынан өтіп жатыр. Бұл жұмыстардан кейін шикізат терең өңделіп, мұнай сапасы жақсарады. Қазақстан алғаш рет отандық жанармай мен дизельдің бір бөлігін экспортқа шығарып, мұнай импортынан бас тартады. Осы жоспарды орындау үшін мұнай зауыттарында шикізат мөлшері жеткілікті түрде түсіп тұруы тиіс. Өндіруші компаниялары үшін мұнайды сыртқы нарыққа шығарған тиімді", - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.
Оның мәліметінше, зауыттардың қуаты артқан сайын, шикізатқа деген сұраныс көбейе түседі. Ал бұл мәселенің шешілу жолы әзірге белгісіз.