Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Қазақстандық банктердің ипотекалық қарыздары бір айда 4,5%-ға, бір жылда рекордты 30,5%-ға көтерілді және ағымдағы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша 1,49 трлн теңгені құрады - бұл экономикадағы кредиттердің жиынтық көлемінің 11,6%-ын құрайды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.
2018 жылдың шілде айына қарай ипотекалық қарыз көлемі тек 1,14 трлн теңгені құрады. Экономикадағы ипотекалық несиелеудің рөлі едәуір төмен болды: 2018 жылы - 8,9%, 2017 жылы - 8%, 2016 жылы - 7%.
Айта кетейік, ҚР ЕДБ-дің ел экономикасына бағыттаған қарыздарының жалпы көлемі маусым айының қорытындысы бойынша тек бір жыл ішінде 0,6%-ға өсті. Осылайша, ҚР ЕДБ үшін ипотекалық кредит беру сегменті маңызды рөл атқарды.
ҚР-да ипотекалық кредит беру екі негізгі бағыт бойынша дамуда: Қазақстандықтардың қатаң белгіленген топтарына (мысалы, табысы төмен азаматтарға, көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға және т.б.) қолжетімді немесе тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау жүйесі бойынша жұмыс істейтін жеңілдікті ипотека; сондай-ақ ҚР-ның барлық азаматтарына қолжетімді коммерциялық ипотека.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024