Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 1,7 млрд теңгеге жел электр станциясы салынады

Қазақстанда 1,7 млрд теңгеге жел электр станциясы салынады
Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Ақмола облысында жел электр станциясының құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылады. Көкшетау әкімдігі хабарлағандай, жобаның құны 1,7 млрд теңгеге бағаланды. Ауданы 40 га нысанның құрылысымен "ВетроИнвестКокшетау" компаниясы айналысады. «Қазіргі уақытта нысанда монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жел электр станциясынан Красный Яр-ға дейін электр беру желісі салынуда. Бұл елді мекеннің тұрғындары электр энергиясының алғашқы тұтынушылары болады деп жоспарлануда», - деді қалалық әкімшілік. Өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту басқармасы қуаттылығы 3,2 МВт ЖЭС 2019 жылы іске қосылатындығын нақтылады.

Похожие материалы