Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 11 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді

Қазақстанда 11 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді

Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі (авиакеросин, дизель отыны, мазут, бензин) 11,6 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 9,6%-ға тең.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, ЖЖМ тапшылығы байқалмайды.

"Елдің мұнай базаларындағы ЖЖМ қалдықтарының саны ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін жеткілікті: Аи-92 бензинінің қоры – 182,3 мың тонна, ал дизель отынының қоры – 210 мың тонна . Қазіргі өндіріс ішкі тұтынуды толығымен жабады", - деді Әсет Мағауов Үкіметте өткен брифингте.

2019 жылғы 3 желтоқсанға республика бойынша Аи-92 бензинінің орташа бөлшек бағасы - 148,1 теңге, дизель отынына - 193,3 теңге.

Сонымен қатар, вице-министр қазақстандық өндірістің жоғары октанды бензинін экспорттау үшін заңнамалық база толық дайындалғанын хабарлады.

"Осы жылдың маусым айынан қараша айына дейін 106,1 мың тонна экспортталды. Болашақта елдің ішкі нарығын қамтамасыз еткеннен кейін бос көлемдер болған кезде экспорт көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Шекара маңындағы облыстарда мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау үшін Энергетика министрлігі Қаржы және ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салу туралы бұйрық бекітті", - деп атап өтті Әсет Мағауов.

Похожие материалы