Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 727,5 мың тонна астық тартылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, есептік кезеңде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 10 010,4 мың га немесе өңірлердегі жалпы егіс алқабының 66,6% жинаған. Астық дақылдарының орташа түсімділігі бір гектардан 12,47 центнерді құрады.
2017 жылдың сәйкес мерзімінде 13 541,9 мың га немесе ҚР облыстарының жалпы егіс алқаптарының 88,4% жиналып, 17 654,8 мың тонна астық тартылған. Орташа өнімділік бір гектардан 13 центнер болған.
Қазақстанда 2018 жылы астық жинау алқаптарының аумағы 15 027,9 мың гектарды құрады. 2017 жылы 15 318,6 мың га болған. Егіс науқаны кезінде жалпы аумағы 15 122,6 мың га алқапқа астық бастырылса, өткен жылы 15 377,2 мың га алқапқа астық егілген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024