Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жариялады.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді. 2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 156,8 млрд теңге сомаға 25 278 қарызды мақұлдап, 134,9 млрд теңге сомаға 23 286 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 234,0 млрд теңге сомаға 31 247 өтінім қабылданды.
Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.
2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 34,3 млрд теңге сомаға 4 242 өтінімді мақұлдап, 21,5 млрд теңге сомаға 3 084 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 52,0 млрд теңге сомаға 5 069 өтінім қабылданды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024