Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 607,9 мың көп балалы ана зейнетақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады.
Бұл ретте 2003 жылы елімізде 432,8 мың ана арнайы жәрдемақы мен зейнетақы алды. Осылайша, 15 жыл ішінде бұл көрсеткіш 40,5%-ға өсті.
Осы уақыт ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» ордендерін алған аналардың жәрдемақы мөлшері 2003 жылғы 1,6 мың теңгеден 2017 жылы 14,5 мың теңгеге дейін 9 есе ұлғайды. Ал, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 5,8 есеге артып, 1,6 мыңнан 9,4 мың теңгеге дейін өсті.
Бұдан басқа, 2017 жылы бала күтімі бойынша бірінші балаға 81,8 мың адам 13 мың теңге, екінші бала үшін 91,8 адам 15,4 мың теңге, үшінші балаға - 67,6 мың адам (17,8 мың теңге), төртінші балаға - 63,6 мың адам (20,2 мың теңге) жәрдемақы алды.
Сонымен қатар, сол жылы 392,7 мың адам баланың тууына байланысты 104,8 мың теңгені құрайтын біржолғы жәрдемақы алды. Алушылардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (79,3 мың адам), Алматы облысы (50,4 мың адам) және Алматы (32,1 мың адам) болды. Ал СҚО (7,4 мың адам) және Қостанай облысында (11,7 мың адам) бұл көрсеткіш елдегі ең аз көрсеткіш болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024