Нұр-Сұлтан. 19 мамыр. 7kun.kz – 2022 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқару органдарының рұқсатымен Қазақстан аумағында 15932 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 16 мыңдай шетелдік жұмысшының ішінде: 630 адам басшылық және орынбасарлық қызметте, 3154 шетелдік бөлім басшылары, негізгі бөлікті мамандар мен білікті қызметкерлер құрайды. Одан бөлек, маусымдық жұмысшылар мен корпоративтік ауысыммен келген қызметкерлер де бар.
Қазір Қазақстанда шетелдік мамандардың еңбегін қолданатын 1733 жұмыс беруші тіркелген. Олар тек шетелдіктерді емес, жергілікті азаматтарды да жұмыспен қамтып отыр.
Шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі: Қытайдан (3613 адам), Түркиядан (1838 адам), Үндістаннан (1293 адам), Өзбекстаннан (1385 адам) және Ұлыбританиядан (1083 адам).