Астана. 22 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің саны 2 млн-ға жуықтады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, кәсіпкерлердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға өсіп, 1 732 696 субъект болды. Жеке кәсіпкерлердің үлесі – 67,3%, шағын кәсіпкерлік субъектілері – 19%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,5%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2%.
Бюроның дерегінше, тіркелген кәсіпкерлердің саны бойынша Алматы бірінші орынға ие. Онда 343 мың субъекті, оның 277 мыңы ғана жұмыс істейді. Екінші орында Астана, онда 224 мың субъекті, оның 196 мыңы жұмыс істейді. Ал үшінші орынға Түркістан облысы ие, онда 178 мың субъекті, 175 мыңы жұмыс істейді.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санынан 601 мың субъекті көтерме және бөлшек саудамен және автокөліктерді жөндеумен, 269 мыңы ауыл, орман және балық шаруашылығымен және 92 мың субъекті құрылыспен айналысады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024