Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 613,421 мың болды. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,3%-ға артық, деп хабарлайды ҚР экономика министрлігінің статистика комитеті.
Тіркелген жеңіл автокөліктердің көпшілігі 10 жылдан аса (270,870 мың) жүргізілген. Ал үш жыл бұрын шығарылған автокөліктер саны - 117,629 мың және басқа да жылдар бойынша тіркелген көліктер саны - 76,387 мың.
Ал 2015 жылдың 1 қарашасындағы есеп бойынша респубиликадағы жеңіл автокөліктердің саны 5 млн 42,4 мыңды құрап отыр. Қазақстандықтардың саны - 17,6 млн адам.
Фото: automag.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024