Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-наурызда ҚР-да 220788 жеңіл автокөлік тіркелген - өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға көп. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлімдеді.
Сондай-ақ, ел аумағында 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3693,3 мың бірлікті құрады.1
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда 4203 адам зардап шеккен 2850 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға аз.
Айта кетейік, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 6,9 млрд теңге сомасына 18178 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.