Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда 3,2 млн теңгені құрайтын 722 жасанды ақша белгісі жасалғаны анықталды. Елімізде 711 купюра мен 11 тиын ақша қолдан жасалған.
«Егер, өткен жылдың балама кезеңімен салыстырсақ, жасанды ақша белгілері 29%-ға төмендеген. 2017 жылдың І жартыжылдығында 1021 дана жасанды купюра анықталған болатын. 2018 жылы көбіне 2 мың теңгелік купюра қолдан жасалған – 383 дана. Одан соң 10 мың теңге – 163 дана немесе 22,4%, 1 мың теңге – 79 дана, яғни 10,96%, қалған 13% басқа купюралардың еншісінде», - деп мәлімдеді бақылау ведомствосында.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, жасанды банкнот шығару бойынша Алматы бірінші орында тұр, ол жақта 445 дана жасанды купюра анықталған. Екінші орында – Астана қаласы. Елордада 91 жасанды банкнот шығарылған. Шығыс Қазақстан облысы 56 дана жасанды ақшамен үшінші орында.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024