2015 жылы Қазақстанда өндірілген алтын көлемі 30 тоннаны құрады. Бұл туралы Астанада өткен брифинг кезінде "Тау-Кен Алтын" компаниясының директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлімдеді.
М. Тілеужановтың ақпаратына сәйкес, зауыттың тазартылған өнімдерін Ұлттық банк сатып алады. 2015 жылы реттеуші аталған компаниядан 10 тонна алтын сатып алған. Ал 2016 жылы 30 компанияға 14 тонна алтын жеткізу туралы келісімге қол қойылған.
"2016 жылы 30 компаниямен келісім жасалды, осы жылы 14 тоннаға жуық алтын жеткізіледі. Ал 2017 жылы 18 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Сондай-ақ, М. Тілеужанов Ұлттық банк үш бірдей аффинажды зауыттан өндірілетін алтынды сатып алу туралы шешім қабылдағнын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024