Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Қызылорда облысында жыл соңына дейін 43,3 млрд теңгенің екі жасыл жобасы жүзеге асырылады.
Өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәліметінше, нысандардың жалпы қуаттылығы шамамен 80 МВт құрайды.
Шиелі ауданында қуаты 50 Мвт күн электр станциясы салынады. Қазіргі уақытта қадаларды қағу және панельдерді орналастыру үшін үстелдер орнату жұмыстары жүргізілуде.
«Жобаның жалпы құны 26 млрд теңгені құрайды. Электр энергиясын өндірудің жылдық болжамды көлемі сағатына 72 млн кВт құрайды. Станцияны іске қосу мерзімі 2019 жылдың соңына белгіленген», – деп қосты басқармада.
Жалағаш ауданында тағы 28 МВт болатын күн электр станциясы пайда болады. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама жасалып, оң сараптамалық қорытынды алынды.
«Жоба 17,3 млрд теңгеге бағаланады. Нысанның құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталады деп күтілуде», – деп хабарлады мемлекеттік құрылым.
Сондай-ақ ведомствода, алдағы уақытта Жаңақорған ауданында қуаты 10 МВт жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Жасыл нысанның құрылысын Болгариядан келген компания қаржыландырады деп күтілуде.
«Осы жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды», – деп түйіндеді басқармада.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024