Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 5,3% адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз

Қазақстанда 5,3% адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылдың үшінші тоқсанында 5,3% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 0,5% жоғары. Ол кезде табысы ЕТКД-ден аз адамдар саны 4,6% болған еді. 2022 жылдың II тоқсанында елдегі кедейлер саны 1 млн-нан астам болған.

Осылайша кедейлік қаупіне үй шаруашылығының көлемі қатты әсер етеді. 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 9,3% болды. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары.

20 жылда елдегі кедейлік деңгейі 9 есеге жуық азайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2001-2021 жылдар аралығында Қазақстанда кеделік деңгейі өткен жылдың қазан айында 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген.

Ал жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашадағы есеп бойынша 451,5 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9%-ына тең.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адам немесе жұмыс күшінің 2,4%-ына тең болды.

Похожие материалы