Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-тамызында республикалық бюджетке салық және төлемдер түсімі 6 трлн теңгеден асты.
Төленген салық көлемі 2018 жылдың сегіз айымен салыстырғанда 78,3%-ға өсті (шамамен 3,4 трлн теңге).
Төлемдердің басым бөлігі Алматыға (1,4 трлн теңге) және Атырау облысына (1,1 трлн теңге) тиесілі.
Нұр-Сұлтан тұрғындары мен кәсіпкерлері 772,7 млрд теңге, Алматы облысы – 328 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 285,6 млрд теңге, Қарағанды облысы – 270,6 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 257,6 млрд теңге салық төледі.
БҚО бюджетке 241,3 млрд теңге, ШҚО – 229 млрд теңге, Павлодар облысы – 190,9 млрд теңге, Шымкент – 120,6 млрд теңге, Қостанай облысы – 120,5 млрд теңге төледі.
Түркістан облысынан түскен салық түсімдері 119,7 млрд теңгені, Ақмола облысынан – 111,1 млрд теңгені, Қызылорда облысынан – 102,1 млрд теңгені, Жамбыл облысынан – 63,7 млрд теңгені, ал СҚО-дан 55,4 млрд теңгені құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024