Астана. 25 қараша. 7kun.kz – «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, бұл Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы.
«7-20-25 бағдарламасын жалғастыру жоспарлануда. Қабылданып жатқан шаралар халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ол.
Айта кетейік, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024