Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың санын қысқарту туралы өз ұсынысын айтты.
Оның айтуынша, еліміздің тоғыз өңірінде АӘК алушылар арасында объективтілікке тексеру жүргізілді.
«Біз тоғыз өңірде тексеру жүргізіп, қолданыстағы заңнаманың көптеген бұзушылықтарын анықтадық. Құжаттарды дұрыс рәсімдемеу, табыстар туралы толық емес ақпарат, мысалы, ЖК 100 мың, 200 мың теңге табыс алады, бірақ салық есебінде нөлдік табысты көрсетеді. Сондай–ақ ажырасқан отбасылар да бар, алимент алғанын жасырады, бұл да кіріске жатады өздерінің ірі шаруашылықтары немесе 100 және 200 гектар жері бар, олар бидай мен күріш өсіреді, олар да табысқа ие», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, талдау жүргізілді. Әрбір АӘК алушы туралы толық ақпарат бар.
«Кез келген адамның деректеріне бақылау жасай аламыз. Біз бұл бұзушылықтарды құқық қорғау органдарына тапсырдық. Осындай мәліметтер негізінде АӘК алушылар санын қысқарту керек», - деп түйіндеді Сапарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024