Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылғы 30 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстанда аяқ киім тауарларын таңбалау және бақылау бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шаралар жоспары, сондай-ақ пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Таңбалау Қазақстанда аяқ киімнің заңсыз әкелінуін, өндірісін және айналымын азайту үшін қажет, делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Пилоттық жоба таңбалау механизмін сынақтан өткізу және нарыққа қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл үшін іске қосылды. Жоба ерікті және оған Министрлікпен келісе отырып, кез келген уақытта қосылуға болады. Бүгінгі таңда 11 кәсіпорын (өндірушілер мен импорттаушылар) қатысуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024