Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов қаржы министрлігінің ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында айтылған, әйелдер үшін зейнеткерлік жасты төмендету туралы ұсынысты қарайтынын мәлімдеді.
"Жақында біз 10 жыл бойы әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 58-ден 63-ке дейін көтеретін заңнамаға өзгерістер қабылдадық. Қазіргі уақытта бұл нормалар іске асырылуда. Біз зейнеткерлік жасты төмендету туралы ұсынысты естідік, бірақ бүкіл әлемде кері процесс жүріп жатыр, әйелдер зейнетке 65-67 жасында шығады, себебі әлемдегі халықтың өмір сүру деңгейі мен ұзақтығы артып, жақсаруда", - деді Әлихан Смайылов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін.
Еске сала кетейік, Қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесінің бірінші отырысында қоғам қайраткері Жәнібек Қожық Президентке әйелдердің зейнеткерлік жасын 55-60 жасқа дейін төмендету мәселесін қарауды ұсынды.
"Төмендету бойынша да қараймыз, бірақ бұл жерде мәселе бүкіл әлемдегідей біздің де өмір сүру ұзақтығымыздың өсіп келе жатқандығында және 65 жастан асқан адамдардың үлесі өсіп жатыр. Халықтың шамамен 7%-ы жасы 65 жастан асқан азаматтар. БҰҰ стандарттары бойынша бұл қарт халық болып саналады. Жыл сайын бізде қартайған адамдар саны артып келеді, егер біз зейнетақы жүйеміз тұрақты және зейнеткерлер үшін лайықты өмірді қамтамасыз ете алса, біз бүкіл жүйенің тұрақтылығына қарауымыз керек: еңбек жасындағы қанша азамат жұмыс істейді, азаматты зейнетақы жүйесі арқылы қаншалықты қамтамасыз етуісіз керек. Осы талдаулар мен арақатынастар біздің алдыңғы заңнаманы қабылдауымызға алып келді", - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, бұған дейінгі Заң жобасына сәйкес, Қазақстанда әйелдер үшін зейнетақы жасы кезең-кезеңімен 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай 63 жасқа дейін артады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы 59 жасты құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024