«Альфа-Банк» АҚ Қазақстандағы еншілес банкі Алматыда "А-Клуб" деп аталатын кеңсе ашты. Кеңсе бай-қуатты клиенттерге қызмет көрсетуге арналған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша "А-Клубта"қажеттінің бәрі бар. Байланыс үшін қажетті құралдарымен жабдықталған келіссөздер жүргізу бөлмелері, кең конференц-зал, демалыс аймағы, ресепшн және басшылардың кабинеттері мен бэк-кеңселер, тіпті бар аймағы бар. Әр клиентке жеке қызмет көрсетіліп, құпиялылық пен қауіпсіздік, арнайы шарттар мен салым бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі және тәулік бойы қызмет көрсету ұсынылады. «Private Banking клиенттері – біз үшін ең маңызды сегмент және бай-қуатты клиенттер үшін жеке алаң беру Банкті дамыту стратегиясының логикалық қадамы болып табылады. Алматыда алғашқы "А-Клубтың ашылуы" Банк үшін де және қаржы саласы үшін де маңызды оқиға болып табылады деп есептеймін. "А-Клуб" арсеналында тиімді қаржылық шешімдердің тәжірбиесі, дәстүр, жайлылық, қауіпсіздік, кеңсе ресурсының функционалдығы және күшті кәсіби команда бар», - дейді «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Басқармасының Төрағасы Данила Смирнов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024