Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда алтын кен орындарын барлау мен іздестіруге 800 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Мәселен, қазіргі уақытта өңдеу Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы облыстарында жүргізілуде.
«2013-2017 жылдар аралығында инвестициялардың жалпы көлемі 846,2 млрд теңгені құрады, соның ішінде геологиялық барлауға 51,4 млрд теңге бөлінді», - деп хабарлады ведомстводан.
Осы кезеңде қаржыландыру екі есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 254,7 млн теңгені құрады. Атап айтқанда, барлауға 14,6 млн теңге жұмсалды.
«Бұл көрсеткіштің 89%-ы мына компанияларға тиесілі «Алтынтау Көкшетау» (2017 жылға қарай жер қойнауын пайдаланғаны үшін 23%), «Бақыршық КӨК» (19%), «Қазақалтын КБК» (14%), «Алел» (10%), «Алтыналмас» (7%), «Варваринское» (5%), «Комаровский тау-кен кәсіпорны» (4%), «RG Gold» (3%), «ALTYNEX» (2%), «Горняк» 2%)», - деді ИИДМ.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 349 алтын кен орны мемлекеттік баланста тұр. Бағалы металдың баланстық қоры 2394,6 тоннаны құрайды.
Облыстар бойынша алтын қорлары: Шығыс Қазақстан – 867,6 тонна, Ақмола – 492,3 тонна, Қарағанды – 270,3 тонна, Қостанай – 212,6 тонна, Павлодар – 202,5 тонна, Жамбыл – 142,7 тонна, Ақтөбе – 137,6 тонна, Алматы – 55,3 тонна, Түркістан – 8,7 тонна, Қызылорда – 2,9 тонна, Солтүстік Қазақстан – 2,1 тонна.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024