Нұр-Сұлтан. 1 маусым. 7kun.kz – Қазақстан республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру бойынша жоспар орындалды деп мәлімдеді Үкімет отырысынан кейін.
Министрдің айтуынша, ақбөкендердің көбейгені соншалық, егістікті таптап, ауылшаруашылық жұмыстарына кедергі келтіре бастаған.
"Егер 2016 жылы ақбөкендер популяциясы 110 мың бас болса, бүгінде олардың саны 10 есеге өскен. Жыл сайынғы өсім 30-40%-ға тең. Биологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша, ақбөкендердің тиімді саны 700-800 мың бас шамасында болса жеткілікті. Қазір олардың саны 1,3 миллионға жетеді", – деді министр.
Серікқали Брекешев бүгінде ғалымдар ақбөкендердің санын реттеу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Тек осыдан кейін ғана министрлік ақбөкен аулауға рұқсат беру мәселесін қарастырады. Қазақстанда 1921 жылдан бастап ақбөкен аулауға тыйым салынған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024