Республиканың 6 өңірінде наурыз айында ғындар доллар сатып алғаннан гөрі, керісінше жиі сатқан, деп хабарлайды 7kun.kz data.hub арнасына сілтеме жасап.
Наурыз айыныңдың қорытындысы бойынша АҚШ долларын сату бойынша кері көрсеткіш келесі облыстарда қалыптасты:
* Шығыс Қазақстан облысы (-5,1 млрд тг)
* Алматы (-1,7 млрд тг)
* Қарағанды (-1,7 млрд тг)
* Павлодар облысы (-1,6 млрд тг)
* Ақмола (-1,4 млрд тг)
* Солтүстік Қазақстан облысы (-0,4 млрд тг).
Бұл көрсеткішке қарап, Қазақстанда валютаны сатып алатын ресейліктер туралы ақпараттар шындыққа жанаспайтынын байқауға болады. Себебі шекаралас аймақтардың жартысында халық долларларды алудан гөрі, жиі сатқан.
Жалпы сұраныстың төмендеуі Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалады. Республикалық қорытынды сұраныстың 60%-ын алматылықтар қамтамасыз етті: мұнда нетто-сату 38,3 млрд теңгені құрады (ақпан айымен салыстырғанда 2,1 есе аз). Әдетте сұраныс деңгейі бойынша екінші орында тұрған Шымкент қаласы еді. Онда да наурыз айында нетто-сату 4 млрд. теңгені ғана құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024