Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Зейнет жасы әскери қызметшінің әскери қызмет туралы заңда белгіленген шекті жасына тікелей байланысты. Биыл Әскери қызмет туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, қызмет мерзімін бес жылға дейін ұзартуды көздейтін норма енгізілді, осыған байланысты зейнетке шығу жасы бес жылға дейін ұлғайтылатын болады», – деді Бимолдин.
Сондай-ақ, ол әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін түсіндірді.
«Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады», – деді ол.
Айта кетейік, зейнеттегі әскери қызметшілерге жеткілікті шекке қарамастан, зейнетақы жинағының жартысын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024