Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша тірек ауылдық елді мекендерді іріктеу жүргізілді. Олардың әрқайсысы бойынша даму мақсатына қол жеткізу үшін жол картасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Қажетті инвестицияларды бағалау, яғни қаржыландыру көздері мен қажеттілігін анықтау мәселелері пысықталуда. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен жобаларды іске асыруға 90 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінеді. Өңірлер бойынша республикалық бюджеттен бөлу ауыл халқының санына қарай жүзеге асырылды. Әкімдіктермен бірге биылғы жылы 52 елді мекен іріктеліп алынды, онда 454 іс-шара жүзеге асырылады, оның 247-і көлік инфрақұрылымын дамытуға, 135-і әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және 72-і ТКШ жобаларына бағытталған», - деді Қасымбек.
Оның айтуынша, биылғы жылы инфрақұрылымдық проблемалардың тезірек шешілуін талап ететін ірі елді мекендер мен аудан орталықтарына баса назар аударылады. Бір аудан орталығын қаржыландырудың көлемі орта есеппен - 670 млн теңге. Қазіргі уақытта осы бағдарламаларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте қоса қаржыландырудың ең көп үлесі Атырау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024