Нұр-Сұлтан. 2 тамыз. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов 2022 жылдың 1 қазанына дейін ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Үкімет отырысында Смайылов «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру елді мекендердегі инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға, халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Сумен қамту 96%-ға қамтамасыз етіліп, «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша 480 тірек-спутниктік ауыл жаңғыртылды. Тұрғын үй құрылысына 2,4 триллион теңге инвестиция тартылды.
«Облыс әкімдері жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін ұлғайту жұмыстарын күшейтуі керек. Бұл ретте тұрғын үй құрылысы саласындағы, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредиттер беру, жобалардың қымбаттауы және жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі кейбір көрсеткіштердің орындалмауын атап өтемін. Жыл соңына дейін аз уақыт қалды, бұл жұмысты жандандыру қажет», – деді премьер-министр. Оның айтуынша, жобаларды жүзеге асыру әкімдердің және орталық мемлекеттік органдардың жауапты басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024