Алматы. 27 қараша. 7kun.kz – 26 қарашада Азаматтық авиация комитетінің (ААК) қызметін трансформациялау аясында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
"Азаматтық авиация комитеті Елбасының "100 нақты қадам" ұлт жоспарының 68-қадамында бекітілген тапсырмаларына сәйкес өз қызметін Азаматтық авиацияны басқарудың жаңа үлгісіне айналдыру жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша, ағымдағы жылдың 26 қарашасында ҚР Үкіметінің Қаулысымен 100% мемлекеттің қатысуы бар "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ны құру бекітілді, ол бірқатар негізгі функцияларды, соның ішінде ұшу қауіпсіздігін техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады", - деді 27 қарашада ААК-да.
Айта кетейік, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтері бойынша, Қазақстан — Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі. IATA болжамы бойынша, жақын 20 жылда әуе жолаушыларының тасымалы 8 млн-нан 18 млн-ға дейін өседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024