Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 54,8 мың ажырасулар тіркелген, бұл 2017 жылға қарағанда 0,3%-ға артық, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Ажырасудың негізгі үлесі, олардың жалпы санынан 27,1% -ы, некеде тұру ұзақтығы 5-9 жылды құрайтын адамдар тобына келеді. 2-4 жыл некеде тұрып жатқандар ажырасудың 23,5%, неке қиылғаннан кейін – 7,5%, некеге тұрудан бір жыл ішінде – 5,3% қалыптасты.
Некедегі 10 жылдан асқан тұлғалар арасында ажырасудың жалпы деңгейі 36,6% -ды құрады.
Ең көп ажырасулар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында тіркелген.
2018 жылы АХАТ органдары 137,8 мың некені тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға аз. Қалаларда 96 мың (69,6%), ауылдық жерлерде 41,8 мың неке (30,4%) тіркелген.
Некедегі ең жоғарғы көрсеткіш Нұр-Сұлтанда тіркелді, онда жалпы неке коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 10,81 құрады, ең төменгі деңгей Ақмола облысында — 6,47 болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024