Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.
Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен.