Қазақстан. 7 мамыр. 7kun.kz – Соңғы бір жарым жылда топ-менеджерлер арасында жұмыс орны үшін бәсекелестік нарықтағы орташа деңгейден де жоғары, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында "Жоғары менеджменттегі" бір жұмыс орнына жеті түйіндемеден келген. Ал еңбек нарығындағы бәсекелестіктің орташа индексі бірінші тоқсанда бір бос орынға бес үміткерден келген (4,8). Бұл туралы HeadHunter сарапшыларының деректері арқылы бегілі болды.
"Көбінесе менеджерлер маркетинг, сату және ақпараттық технологиялар бөлімдеріне қажет. Компания салаларын қарастыратын болсақ, топ-менеджментке сұраныс бөлшек сауда, азық-түлік, тұтыну тауарлары (азық-түлік емес), кәсіпкерлік қызмет және құрылыс/жылжымайтын мүлік қызметтерінде жоғары», - делінген хабарламада.
Топ-менеджерлердің бос орындардағы орташа жалақысы Қазақстанда 250 мың теңгені құрады (Нұр-Сұлтанда 290 мың теңге және Алматыда 260 мың теңге).
Биыл ең алдымен құрылыс менеджерлеріне сұраныс көп, ал бос жұмыс орындарының ең көп саны – сату саласында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024